Келесте 9 ауыл газбен қамтылады

Келес ауданы тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартудың негізі ретінде инфрақұрылымды дамытуға ерекше мән беріліп келеді. Осыған орай Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Қошқарата ауылдық округінің 9 елді мекенін газдандыру жұмысының барысымен танысты.

image.png

Мердігер мекеме өкілдерімен кездескен аудан басшысы атқарылған жұмыстың сапасына аса мән беру керектігін және мерзімінде ел игілігіне тапсыру кажеттілігі айтылып, бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Аудан әкімі бұл жобаның маңыздылығын, ауыл тұрғындарына керектігін және ауданның дамуына әсерін тағы бір түсіндіріп өтті.

Айта кететін жайт Қошқарата ауылдық округінің Алғабас, Аманжар, Бәйтерек, Бесауыл, Жамбыл-1, Жамбыл-2, Жаңақоныс, Қарабура және Мақташы елді мекендерінің тұрғындары биыл табиғи газбен қамтылмақ. Аталған құрылысқа жауапты 5 мердігер мекеме жүргізуде. Қазіргі таңда мердігерлер газ құбырынының құрылысын аяқтап, қысымдау жұмыстары жүргізуде.

Келес ауданында биыл инфрақұрылым саласы бойынша 25 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, табиғи газбен қамту бойынша 11 нысан, ауыз суға арналған 11 нысан, 3 сапалы электр желісінің нысаны.

Бұл бағыттағы жұмыстар аудан көлемінде алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды