Биогумус - топырақтың құнарлығын артырып, құрылымын және физикалық қасиеттерін жақсартады. Ал өнімді химиялық тыңайтқыштарға қарағанда, биогумус 2-5 есе артық алуға мүмкіндік береді.
Қошқар ата ауылдық округының тұрғыны Нұржігіт Джангазиев Еркінбекұлы, осы биогумус өндіруді қолға алған кәсіпкерлердің бірі. Мақсаты –ауданымыздың егін шаруашылығымен айналысатын шаруаларымызға органикалық табиғи тыңайтқыштармен қамтамасыз етіп, өнім көлемін арттырып, халықты табиғи дәрумендерге бай өнімдермен қамтамыз етуге үлесін қосу. Сұранысқа байланысты, алдағы уақытта өндіріс көлемін үлкейтуді жоспарлайды.
Нұржігіттің айтуы бойынша, біздің әрбір егін шаруашылығымен айналысатын азаматтарымыз, өзінің шаруашылығына қажетті биогумусты өзі өндіруге қауқары жетеді. Ол үшін бар болғаны азғана жер ажыратып, колифорния қызыл құртын (шылаушын) малдың тезегіне тастап, қажетті ылғалдылықты сақтап тұрса, сол малдың қиы таза органикалық тыңайтқыш биогумусқа айналады екен. Бұл өз кезегінде химиялық тыңайтқыштарға кететін шығындарды азайтып, жердің құнарлығын арттырып, өнім көлемін арттыруға септігін тигізеді.
Нұржігіт, биогумус өндіру бойынша өз тәжірибесімен, аудан тұрғындарымен бөлісуге дайын екендігін жеткізді.
Біз ауданымызда кәсіпкерлікті насихаттап олардың дамуына үлес қосуымыз қажет деп санаймыз!