Шұбайқызыл шоқысы

Түркістан облысында туристтердің қызығушылығын арттыратын мекендер көптеп саналады. Соның бірі Түркістан облысы Төлеби ауданында орналасқан Шұбайқызыл шоқысы. Бұл аймақ өзінің сұлулығымен көпшілікті баурап алған.Көктем келісімен қызғалдақтары кілемше құлпыратын қңіргді тамашалаушыларда көбейіп келеді.

image.png

Шұбайқызыл шоқысында еліміздің «Қызыл кітабына» енгізілген грейг қызғалдағы ең көп өсетін аумақ. Бұл қызғалдақтар Қазығұрт, Төлеби, Бәйдібек өңірлеріндегі таулы аумақтарда кездеседі.

Ең көп шоғырланған жері осы Түлкібас ауданының Шұбайқызыл шоқысы. Жылына бір рет небәрі 10-15 күн ғана гүлдейтін қызғалдақтар тіршілік жаңарған шақта 15-20 гектардай жерді алып жатқан алқап қызыл кілемге оранғандай әсем түрге енеді. Тарихқа көз жүгіртсек бұл жерді «Красная горка», кейінен «Қызыл төбешік» деп атаса, қарымды қаламгер Мархабат Байғұт ағамыздың бастамасымен «Шұбайқызыл шоқысы» қайта атауы берілді. 1977 жылдан бері бұл жер мемлекеттің қарауындағы аймақ болып саналады.

Қызғалдақ гүлі қазақ халқының түсінігінде – көктемнің, жаңа өмірдің, көрікті тіршіліктің жаршысы болып есептеледі. Сонымен қатар, бұл өсімдіктің емдік қасиеті де бар. Отандық дәрігерлеріміз бұл гүлді бауыр ауруларына қарсы дәрі-дәрмек ретінде пайдалануға болатынын айтуда.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды