Түркістан қаласында Сайрам ауданына бекітілген 2 сектор аумағында көгалдандырылатын 9 көше бар. Ол көше жолдарына топырақ төселіп, тегістеу жұмыстары жүргізіллі, 1,2 шақырым бөлігіне бордюр орнатылды.
Б.Саттарханов көшесі бойындағы 10 тұрғын үйдің қасбеттері сырланып, шатырлары боялды. 3 жер учаскелерінің шекарасына 66 метрлік баннер ілінді. Жоспарға сәйкес, көшеттер егілді: 1750 дана терек, 2530 дана арша, 2820 дана қарағаш көшеттері отырғызылды.
Сонымен қатар ауқымды бөлікке газон егілді. Оларды суғару жағы да толық қарастырылған. Ол үшін 4 ұңғыма қазылды. 11 шақырымдық суғару жүйесі жүргізіліп, іске қосылды. Бүгінгі таңда бекітілген секторға жауапты арнайы маман жұмыс істеуде.
Ал, Төлебиліктер Түркістан қаласындағы «Экобазар» әмбебап сауда орталығында ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесін өткізді. Санитарлық эпидемиологиялық талаптар толық сақталып өткен жәрмеңкеде өнім базар бағасынан 10-15 пайыз төмен сатылды.
Жәрмеңеге ауданның ауыл шаруашылық өнімдерін өндірумен айналысатын ірі қожалықтардың тауарлары қойылды. Бұл күні бал және бал өнімдері, сүт өнімдерінің бағасы қол жетімді болды.
Төлебилік шаруалар жәрмеңкеге барлығы 10 тоннадан астам ауылшаруашылық өнімдерін алып барды. Мұнда жеміс-жидек пен көкөністің де бірнеше түрін кездестіруге болады. Табиғи таза және сапалы өнімдерге аса мән берілген. Шаруалардың халықтың қыс қамын қиналмай жасап алуына септігін тигізу бағытында өткізген жәрмеңкесіне облыс орталығының тұрғындары риза болып, алғыстарын жеткізді.