Түлкібас ауданында балық шаруашылығы дамуда

Түлкібас ауданында қазіргі таңда 3 252 шаруа қожалық бар. Оларға аудан әкімдігі тарапынан кәсібін өрлету мақсатында жеңілдетілген несие алуға жан-жақты қолдаулар күшейтілген.

image.png

Сондай-ақ, мал азығын дайындауға қажетті жанар-жағармайды қожалықтарға арзандатылған бағада жеткізу шаралары ұйымдастырылуда. Аудандағы қожалықтың бірі – Балықты ауылындағы «Жақсымбет» шаруа қожалығы. Осыдан екі жыл бұрын жылқы бордақылауды бастаған шаруашылық қазіргі таңда кәсібінің көкжиегін кеңейтіп, мол табысқа кенеліп отыр. Жұмысын 60 бас жылқыдан бастаған қожалық бүгінгі таңда бордақы басын 300-ге дейін жеткізген.

Еттің әр келісін 1900-2000 теңгеден аудан мен Алматы қаласындағы сауда қатарларына өткізуде. Тапсырысқа байланысты аптасына орта есеппен 5-6 бордақы сояды. Айта кетерлігі, 2020 жылдың қорытындысымен аудан аумағында жалпы 76 мал бордақылау алаңы ашылса, соңын ішінде 19-ы жылқы бордақылауға бағытталған.

Сондай-ақ, Түлкібас ауданында балық шаруашылығы қарқынды түрде дамып келеді. Қазірдің өзінде осы кәсіппен 4 шаруа қожалық айналысуда. Бүгінде олардың қатарына тағы толығып отыр. Атап айтсақ, «Дос» шаруа қожалығы биылдың өзінде 1 гектар жерге жасанды көл жасап, оған 14 мың дана балық шабағын жіберді. Оның 4 мыңы – ақ амур, 6 мыңы – сазан, қалғаны дөнмандай балығының (толстолоб) шабақтары. Қожалық төрағасы Қайырғали Тойболов бұл кәсіппен шектелмей, бизнес ауқымын кеңейтуді қазірден жоспарлап отырғанын айтты.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды