Түлкібастық кәсіпкер бір жылда мал басын екі еселеп отыр

Бүгінде Түлкібас ауданында жеке кәсіпкерлікті дамытуға қызығушылық танытқандардың қатары артып келеді. Мәселен, жыл басынан бері кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының Түлкібас аудандық бөлімшесі арқылы өз жеке кәсібін ашуға және ұлғайтуға ниет білдірген бес жүзден астам азаматтарға кеңестер беріліп, нәтижесіне 42 кәсіпкерге бизнес жоспар түзуге қолдау көрсетілді. Жалпы сомасы 187 млн. 600 мың теңгені құрайтын 26 жоба (25-шағын орта кәсіпкерлік, 1-қарапайым заттар экономикасы) сүйемелденді.

image.png

Дәл осындай қолдаудың жемісін көріп, кәсібінің көкжиегін кеңейтіп отырған кәсіпкерлердің бірі Ақбиік ауылдық округінің тұрғыны Рысқұлбеков Ораз. Өткен жылы «Игілік» мемлекеттік бағдарламасы шеңберіне 6 млн.теңге жеңілдетілген несие алып, 90 бас «қазақы» және «еділбай» қойларын Шардарадан алып келген. Бүгінгі таңда қой басын екі еселеп, яғни 180 басқа жеткізіп отыр. Алдағы уақытта кәсіпкер ет бағытындағы уақ мал басын көбейтіп, ет күйінде сауда қатарларына өткізуді жоспарлап отыр.

Бүгінде ауданда аудан әкімі Нұрлан Байғұттың тапсырмасымен кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Жобалық кеңсе» жұмыс атқаруда. Карантиннен зардап шеккен аудан экономикасын қалыпты жағдайға келтірудің бірден-бір тетігі кәсіпкерлік саласын дамыту болса, жобалық кеңсенің негізгі жұмыс бағыты кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жеңілдетілген несиелер арқылы қолдауды күшейту, бағыт-бағдар беру болып табылады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды