2021 жылдың 6 айында Түлкібас ауданының кәсіпорындарының өндірген өнім көлемі 6 млрд. 382,1 млн.теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 108,3% құрап отыр. Соның ішінде өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 3 млрд. 560,4 млн.теңге.
Жыл қорытындысымен жоспарға сәйкес –14 млрд 900 млн. теңгенің өнімі өндіріледі деп күтілуде. Бұл салада аудан облыс бойынша ең жоғарғы көрсеткішке қол жеткізіп отыр.
Бүгінгі таңда Түлкібас ауданында 32 кәсіпорын жұмыс атқарады. Атап айтар болсақ, «Кас Бетон» ЖШС, «Састөбе цемент» ЖШС, «Крафт Сәт» ЖШС, «Үміт СД» ЖШС, «Эко МТ» ЖШС, «Байтерек 2030» ЖШС кең өндеумен айналысады. Ал, «Алтын дән» ЖШС, «ЮгПищеПром» ЖШС, «Түлкібас Нан» ЖШС, «Арсен Ас» ЖШС, «Байтерек 4» ЖШС, «АзияФудКомпани» ЖШС, «Дос-Би» ЖШС, «Майлыкент Сүт» АТК, «Мичурин Алма Экспорт» ЖШС, «Фирма Азат ЛТД» ЖШС тамақ өндіру бағытындағы кәсіпорындар.
Құрылыс материалдарын өндірумен айналысатын кәсіпорындар қатарына «SAS-Tobe Technologies» ЖШС, «Түлкібас әк зауыты» ЖШС, «Ауыл құрылысы» ЖШС, «Балықты кірпіші», «Авеню» ЖШС, «Стас и К» ӨК жатады.