Сайрам ауданындағы кооператив шұжықтың 50-ге жуық түрін өндіреді

Сайрам – облысымыздағы ауыл шаруашылығы өркендеген ең іргелі аудандардың бірі. Өңірде өндірілетін өнімдермен өзімізді ғана қамтып отырғанымыз жоқ, өзге аймақтарға да жіберілуде. Былтыр 89 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 6%-дан асқан болатын.

image.png

Карантин режимі болса да шаруа тоқтаған жоқ. Мысалы, бірінші жартыжылдықта ауыл шаруашылығында 30 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.

Сондай-ақ, Сайрам ауданындағы кооператив шұжықтың 50-ге жуық түрін өндіреді. Түркістан облысындағы Сайрам ауданының Қарасу ауылында«Алма» шаруашылық өндірістік кооперативі шұжық өнімінің 47 түрін дайындайды. Өндіріс орны 2006 жылы іске қосылған. Жер көлемі 0,45 гектарды құрайтын шұжық цехы айына 1 тонна өнім өндіреді. Кооператив бүгінде 23 адамды жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпкер Ақылбек Шалқаров жаңа цех ашу жоспарымен қосымша ғимарат дайындаған. Әзірге қажетті техникалық жабдықтауға тағы 50 млн теңге қаржы қажет дейді кәсіпкер. «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолдау көрген өндіріс орны шикізатты «Шұбар» асыл тұқымды кешені» ЖШС, «Delice» ЖШС, «Сынар Групп» ЖШС-нен алады. Өнім бүгінгі таңда тек ішкі нарықта саудалануда.

Осылайша өңірде кәсіпкерлік саласы артып, тауар өндірушілер көбейіп келеді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды