Екі көпірге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді

Облыстық маңызы бар КХ-82 «Шымкент-Көксайек-Қасқасу-Шымкент» автомобиль жолындағы «Сайрам су» өзеніндегі көпірге Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен 2020 жылдың мамыр-қыркүйек айлары аралығында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстары кезінде апатты жағдайдағы көпір толығымен демонтаждалған.

image.png

Көпірді көтеріп тұратын ескі тіректердің орнына бұрғылап құю әдісімен тереңдігі 10 метрді құрайтын, диаметрі 1,5 метрлік 12 дана темірбетонды қадалар құйылды. Нәтижесінде, жобаға сәйкес, ұзындығы 87 метрді құрайтын ені 12 метрлік көпір құрылысы жүрді. Сондай-ақ, көпірдің екі жағынан аяқжол төселіп, көпірдің астына габиондар орналастырылды. Қазіргі таңда көпір толығымен аяқталып пайдалануға берілген.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы басқарма тапсырысымен Ордабасы ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-8 «Өзбекстан Республикасы шекарасы-Шардара-Арыс-Темірлан-М-32» автомобиль жолындағы «Бадам» өзені үстіндегі көпірге мердігер мекеме «Корпорация Береке А» ЖШС-і тарапынан күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нысанның жобалау-сметалық құжаттамасына сәйкес, көпірдің ұзындығы 96,2 метр, ені 10 метрді құрайды.

2020 жылдың қазан айында көпір құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Жөндеу жұмыстарының сапасы тапсырыс беруші, техникалық қадағалаушы және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Түркістан облысы филиалының мамандары тарапынан тұрақты бақылауда болды.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады