«Өз кәсібімді ашамын» дегендерге қолдау көп

7.jpg

Ордабасы ауданының әкімі Бағлан Батыршаевтың тапсырмасы бойынша аудан әкімінің орынбасары Қ. Сейтқұл Шұбарсу ауылындағы кәсіпкерлермен кезекті жиналыс өткізді. Бұл туралы аталған аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.   

Жиналыс барысында кәсіпкерлердің ұсыныстары тыңдалып, шағын кәсіппен шектеліп қалмай, өндіріс көлемін ұлғайту жайы сөз болды. 

«Өз кәсібін ашамын деген тұрғындар ауыл әкімшілігімен бірлесіп, бизнес жобаларын ұсынуы қажет. Сол арқылы мемлекеттің қаржылық қолдауына ие болады», - деді Қ.Сейтқұл. 

Бүгінде өзінің бизнес-идеяларын ашамын деген азаматтарға мемлекет тарапынан беріліп жатқан қолдаулар көп. Осындай қолдаулардың арқасында кәсібін дөңгелетіп жатқандар да аз емес. Тек осы жеңілдіктер мен қолдауларды халыққа жеткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. 

Басқосуда «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының мақсаты түсіндіріліп, өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру туралы кеңес берілді.

Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарлама кәсіп ашамын деген әрбір тұрғын үшін мүмкіндігі мол алаң екендігі кеңінен түсіндіріліп, кәсібін дамытам деген азаматтарға аудан тарапынан қолдау болатындығы айтылды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды