Шежіре баяндалған күн

Screenshot_45.jpg

Мәдениет және спорт министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, биылғы  «Наурыз мейрамын» мерекелеудің жаңа тұжырымдамалық тәсілдерін әзірлеген болатын.  Наурыз айы «Қазақстанның ұлттық дәстүрлері мен мәдениетіне» арналуда. Осы орайда «Наурыз Шымкенттен басталады» жобасы аясында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылуда.   16 наурыз – Шежіре күні болып белгіленген еді. Осыған орай қаладағы «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК-на қарасты Жаңаталап, Қызылжар, Сайрам, Шапырашты мәдениет үйлерінде «Шежіре күні» аясында «Туған өлкем - жұмақ мекен» атты мәдени шара өтті.

Аталған шара өскелең ұрпаққа өз тарихын білуге, ер-азаматты патриотизмге баулуға, сондай-ақ, елге қорған болған алып тұлғаларымыздың есімін кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Мәдени шара барысында тарихи шежіреге байланысты сахналық қойылымдар, бейнероликтер көрсетіліп, қала өнерпаздары мерекенің ажарын аша түсті.

Елдімекен тұрғындары мен қонақтары дәстүрлі әндер мен жырлардан бөлек туған өлкенің тарихы, туған елден шыққан тұлғалардың, ел мақтаныштарына айналған азаматтардың өнегелі істері жайында жан-жақты мағлұмат алды. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды