Инновацияға бет бұрған мекеме министрдің көңілінен шықты

Screenshot_28.jpg

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында «Су арнасы-маркетинг» ЖШС болып, кәсіпорында енгізілген жаңа технологиялармен танысты. Серіктестіктің бас директоры Анарбек Орман Бағдат Батырбекұлына орталық диспетчерлік қызметтің жұмысын көрсетіп, онда кеңінен қолданылып жатқан цифрлық технологиялар жайын баяндап берді: «Шымкенттің жері Нұр- Сұлтан қаласындағыдай тегіс емес, сай, кейбір жерлер биік болып келеді. Құбыр арқылы тұтынушыларға жететін судың қысымын реттеп отыру үшін израильдік мамандармен бірге су реттегішін орнатып, бүгінде судың қысымын қашықтықта бақылауға мүмкіндік алып, тұрақты жұмысқа қол жеткіздік. Бұдан бөлек, жаңа технологиялар су және кәріз жүйесінің жұмысын бақылайтын қызметте де кеңінен пайдаланылуда. Егерде бұрын жұмысшы су және кәріз жүйесін аралау үшін 7 шақырым жүреді деп норматив бекітілген болса. GPS- құрылғысының көмегімен жұмысшының 7 шақырым емес, 13 шақырымды еш қиындықсыз жүріп, асықпай су және кәріз жүйесін тексеріп шығаты белгілі болды. Нәтижесінде, нормативті өсірдік, артық адамдарды босатып, штат 45 пайызға қысқартылды. Еңбек өнімділігі 2 есеге артты. Жаңғырту, қайта құру, цифрландырудың арқасында біз судың орынсыз шығындарын 33 пайыздан 15 пайызға, яғни 2 есеге кеміттік, электр энергиясы бойынша 1 текше метрді жарықтандыруға 0.87 кBт жұмсалған болса, қазір 0.06 кBт, яғни 10 есеге, апатты жағдайларды 33 пайызға, орынсыз, күрделі жөндеу жұмыстарына шығындарды 32 пайызға азайттық»,- дейді Анарбек Орман.

«Сонымен қатар, цифрландыру, жаңа технологиялар тазарту жүйесінде де кеңінен пайдаланылуда. Мәселен, бұрын тазартылған судың көлемін анықтау үшін, маман қақпағын ашып, деңгейін көретін, қазір енгізілген инновациялық технологиялар арқасында қашықтықта орталық диспетчерлік қызметінен жұмысын қадағалауға мүмкіндік бар»,- дейді серіктестіктің басшысы.

Кәсіпорындағы цифрландыру жаңа инновацияларға министр оң бағасын беріп, жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы өндірісті автоматтандыруға отандық IТ мамандарын тарту қажеттігін дөп басып айтты. Бағдат Батырбекұлы «Су арнасы-маркетинг» мекемесінің басшысына серіктестіктің бұл бағыттағы жұмыстарын үйлестіретін жеке IТ компаниясын ашып, бұл жұмыс тәжірибесін өзге өңірлерге тарату жөнінде тапсырма да берді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды