35 мыңға жуық отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілген

Screenshot_3.jpg

Өткен жылдан  бастап атаулы әлеуметтік көмекті көрсетудің жаңа тетіктері енгізілген болатын. Бұл көмек әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тағайындалып келеді. Әлеуметтік көмек тұрмысы төмен отбасыларға ақшалай төлемдер түрінде және өз ісін бастауға оқыту, жұмысқа орналасуға көмектесу арқылы оларды өмірлік қиын жағдайдан шығаруға ықпал етуде. Сонымен қатар, еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасының барлық механизмдері пайдаланылып келеді. Ал жеке кәсіппен айналысуға ниетті жандар үшін жеңілдетілген шағын несиелер, бизнес ашу үшін қайтарымсыз гранттар ұсынылуда. 

Осы орайда жыл басынан бері Шымкент қаласында атаулы әлеуметтік көмек 34 862 отбасыға көрсетілген. Бұл туралы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлімдеді.

Атап айтар болсақ, жәрдемақы 30 472 отбасына шартты ақшалай болса, 4 390 отбасына шартсыз ақшалай көмек тағайындалды. Осылайша қаладағы мұқтаж жандарға 2411,1 млн.теңгенің әлеуметтік көмегі көрсетілді. Салаға жауаптылар жылдан-жылға жәрдемақы алуға өтініш білдірушілер қатары артып отырғандығын айтады. 

Еске сала кетейік, былтыр мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 44 мыңға жуық отбасыдан өтініш қабылданып, жергілікті комиссия шешімімен 33 мыңға тарта отбасыға 17,8 млрд. теңге көлемінде көмек көрсетілген болатын. Биылға мұқтаж отбасыларды қолдауға 13 529,8 млн. теңге көмек көрсету жоспарланып отыр.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды