Ордабасылық ақ халаттылар науқастарға сапалы ем-дом көрсетуге дайын

Screenshot_16.jpg

Түркістан облысында дертті болғандар азайғанымен, мамандар тізгінді  жіберуге әлі ерте дейді. Себебі мутацияға ұшыраған коронавирус инфекциясы жойыла қойған жоқ. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы індеттің қайта таралмауы үшін медицина мекемелерінің дайындығын пысықтауда. 

  Осы орайда коронавирус инфекциясымен күрес мақсатында  Ордабасы ауданында атқарылып жатқан оңды істерге тоқтала кетейік.

 Аудандық аурухананың бас дәрігері Бақытжан Мырзагелдиев вирус жұқтырған науқастарды емдеу үшін ауруханада барлық жағдай жасалғанын жеткізді. Пандемияның қайталауы мүмкін екенін ескерген мамандар аурухана ішінен  3 пост жасақтаған.  Бекеттер лас аймаққа  жатады. Яғни температура немесе өкпенің басқа симптомдарымен ауруханаға келген науқастардың барлығы алдымен осы бекеттер арқылы дәрігердің бақылауынан өтіп, жаңадан ашылған 20 орындық бөлімшеге жатқызылады. Қазіргі таңда бөлімшеде арнайы бекітілген ақ халаттылар пациенттерге медициналық қызмет көрсетуге сақадай сай тұр. Мұнда науқастардан  бірінші кезекте коронавирусқа анализ тапсырады. Егер анализ қорытындысы теріс болып шықса онда емделуші соматикалық бөлімшеге жөнелтіледі. Ал егер анализ оң нәтиже көрсетке аурухана жанынан ашылған провизорлық орталыққа жатқызылып, тиісті ем-дом көрсетіледі. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды