Ордабасы: Жұмыспен қамту жүйелі түрде жүргізілуде

Шымкентте жұмыспен қамту жүйелі түрде жүргізілуде

Бүгінгі күні жұртшылықты жұмыспен қамту күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Өйткені халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, табысын арттыру бір жағынан жұмыспен қамтуды жүйелі түрде жүргізу арқылы орындалады.

Ордабасы ауданында да жұмыспен қамту мәселесі назардан тыс емес. Тұрғындарды жұмыспен қамту мақсатында бүгінде ауданда түрлі бағдарламалар мен шаралар ұйымдастырылған. Ауданда 2019 жылдың 1 қаңтарына ресми тіркелген жұмыссыздар саны 570 адамды құрады.

Жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеп келгендердің жалпы саны 3299 адамды құрады, оның ішінде 1249 жұмыссыздар. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен  3229 адам қамтылды, оның ішінде 122 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 280 адам жастар практикасына, 191 адам қоғамдық жұмыстарға,  қысқа мерзімді курстарына 313 адам, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға  40 адам жолданды, шағын несие 116 адамға берілді,  тұрақты жұмысқа 2167 адам орналастырылды.

2020 жылдың 1 қаңтарына есепте тұрған азаматтардың саны 1354 адамды құрады, оның ішінде жұмыссыздар 452 адам.

Жұмыссыздық деңгейі – 5,2%, жастар жұмыссыздығының деңгейі – 5,2%, жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санындағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың үлесі – 48,6%, өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жалпы санындағы өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың үлесі – 4,2%, жұмыспен қамтылуға жәрдемдесу үшін жүгінген еңбекке жарамды жастағы жұмысқа орналастырылған мүгедектердің саны – 157 адам.

Жұмыссыздық деңгейін төмендетуге бағытталған шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, өңір экономикасының өрлеуіне септігін тигізері анық.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды