Ордабасыда шаруашылық өнімдерді еселенді

ӨНІМДІ ЕСЕЛЕУ — «Ońtústik» телеарнасының ресми сайты

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев егістік алқаптан жылына 2-3 рет өнім алу инновациялық технологиясын әрбір ауылдық округке енгізу бойынша тапсырма берген болатын. Бүгінгі таңда ордабасылық шаруалар да аталған жобаның тиімділігін көріп отыр.

Өткен жылы егістік жерлерді тиімді пайдалану мақсатында ауданға қарасты Қараспан ауыл округінде «Еңбекшіл» шаруа қожалығы және Шұбар ауыл округінде «Ақорда» ЖШС егістік жерлерді тиімді пайдалану арқылы  жылына 2 рет өнім алды.

«Ақорда» ЖШС-гі 1998 жылдан бастап, егіншілікті кәсіп еткен серіктестік. 2019 жылдан бастап жылына 2 рет бақша, картоп дақылдарын егуді қолға алды. 2019 жылы ерте көктемде Голландиялық «Ривьера» картобын 40 га жерге егіп, 240 центнерден өнім алып, 960 тн картоп жинады. Кәсіпкердің жұмсаған қаржысы 48 млн.теңге, ал табысы 80 млн.теңгеге жетті. 2-ші өнімге 7 гектар жерге «Коронет» қырыққабатын отырғызып, 600 центнерден өнім алып, жалпы 420 тн капуста жинады. 14 млн. теңге жұмсалды, қазіргі таңда қырыққабат қоймада сақталуда.

Айта кетейік, Ордабасы ауданында жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 443 млрд 931 млн. теңгеге жеткен болатын. Бұл жетістіктерге шаруаларымыз жаңа технологияларды енгізудің арқасында жетіп отыр.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды