Ордабасы: Каналдарды тазалау жұмыстары жүргізілді

На изображении может находиться: один или несколько человек, небо, на улице и природа

Ордабасы күннен-күнрге жанданып, жаңарып келеді. Әрине, бұл бүкіл ауданның еңбегі. Ауданда соңғы жылдары ауыл шаруашылық өнімі артып, ауданды гүлдендіруге, көріктендіруге бағытталған жұмыстар да қарқынды жүріп тұр. Ең алдымен мұндай нәтиже жергілікті биліктің тұрғындармен бірлесе іс атқаруында болса керек.

Аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков Төрткүл аумағындағы шаруалардың өтінішін назарға алып, тиісті бөлім басшыларына мәселеге орай нақты тапсырмалар жүктеген болатын.

Бүгін Төрткүл ауыл округіндегі 13 каналды өскіндерден тазалау мақсатында арнайы гербицидпен өңдеу жұмыстары басталды. Ағын су жіберу қабілеттелігінен айырылған коллекторлар толығымен тазаланса, өңірде ағын су тапшылығы едәуір азаяды, дейді мамандар. 

Мәселен, мұндағы 38,8 шақырым канал механикалық тазалаудан өткен соң, 5676 гектар егістік жерлердің сулануы жақсарады деп күтілуде. 

Сондай-ақ, ауданға қарасты ауылдық округтердегі каналдардың жайы да назардан тыс қалмақ емес. Ал әкімшілік тарап ауданда тұратын азаматтардан баспаналарының төңірегіндегі канал, арықтарға қоқыс қалдықтарды тастамай, өз көшелерінің алдындағы арық атыздарды таза ұстауға шақырады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды