Сайрам: Абаттандыру жұмыстары жүйелі жүргізілуде

Сайрам ауданында абаттандыру жұмыстары жалғасын таппақ. Ауданға қарасты Ақсукент ауылының орталығын абаттандыру жұмыстары қарқын алды.

Аталған мәселе аудан әкімі Ұласбек Сәдібековтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында сөз болды.

Қазіргі таңда Абылай хан көшесі бойындағы "Мәртөбе" алаңын абаттандыру жұмыстары басталды, құрылысты аяқтау 2020 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

Аудан аумағындағы тазалық жұмыстары мен «Инфо Қазақстан» сайтына шағын орта кәсіпкерлік нысандарын тіркеу мәселесі бұл күні де күн тәртібінен түспеді.

Сондай-ақ, жиында аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Айтекеева 2016-2020 жылдың даму бағдарламасының индикаторларының орындалуы туралы баяндады.

Ауданда бұдан басқа да абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды