Сайрам: Орталық аурухана оттегі концепнтраторларымен толықтырылды

Сайрамда жаны жайсаң, жомарт, игі жақсылар аудан ауруханасына тағы да шарапатын тигізді. Ауданның имамдары мен "Еріктілер қоғамы", ауданның бас имамы Темірбек Сейдахметтің ұйымдастыруымен мұсылман жамағаты атынан Сайрам аудандық орталық ауруханасына 6 оттегі концентраторын табыс етті.

Тек біздің елді ғана емес, жаһан медицинасы үшін ауыр соққы болып, өткен маусымда елімізде коронавирус инфекциясының жаппай таралуына байланысты аурудың асқынуы және өлім санының күрт артуы қанның қажетті кезде оттегімен қанықпауы салдарынан да туындаған-ды.

Дәрігерлердің айтуынша, қандағы оттегінің төмендеуіне жеткізбей, науқастарды жансақтау бөліміне әкелмей-ақ емдеуге болатын амалдар бар.

Сайрам аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Қалдыбай Ыдырысов ерекше алғысын айтып, бұл оттегі қанықтылығы төмен науқастарға шын мәнінде өмір сүру мүмкіндігін беретінін ескертіп, науқастардың жанын сақтауға үлесін қосып жатқан мұсылман жамағатына аурухана ұжымы атынан ризашылығын білдірді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды