Сайрамда электр жүйелері бақылауға алынды

Сайрамда әлеуметтік маңызы бар мәселелер назардан тыс емес. Аудандағы электр жүйелері де енді аудан әкімі басқаруымен бақылауға алынады. Кешегі аудан әкіміның қатысуымен өткен апталық жиында электр бағаналарының жай-күйін сынға алды.

- Өңірімізде күндіз-түні жел тұратын ауылдар бар. Сол ауыл-аудандарда жарық жиі сөнбейді. Неге біздің Сайрам ауданында үп еткен желге жарық сөне береді? Неге осы мәселені қолға алып, зерделеп, қажеттіліктер жөнінде ұсыныс жасамайсыздар? Қаржы жетпесе, оны айтып, жұмысшы жетіспесе, оны атап, мәселені шешуге нақты жұмыс жасау керек. Қазір қаншама оқушыға онлайн жүйеде білім берілуде. Олар жарықсыз қалса, қалай білім алмақ? Жергілікті тұрғындардың жанайқайы өте орынды! - деген аудан басшысы жауапты сала басшыларына аталған мәселені нақты мәліметтер негізінде қолға алуды тапсырды.

Сондай-ақ, Ұ.Сәдібеков жиында Сайрам ауданында кәсіпкерлердің InfoKazakhstan сайтына тіркелуі мен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді электронды картаға тіркеу жұмыстарын аяқтау қажеттігін нақтылады.

Күн тәртібінде қаралған тақырыптың бірі - аудандағы эпидемиялық ахуал болды. Сайрам аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Қ.Ыдырысов күз маусымында індеттің екінші толқыны жүру қаупіне байланысты дайындықты баяндады.

Медицина саласы мамандарының айтуынша, ауданда дәрі-дәрмек қоры жеткілікті, жасанды тыныс алу құрылғылары да бар. Дегенмен, әзірге күніне қанша адам індетті жұқтырып алуы белгісіз. Бәрі де әр адамның сақтық шарларын ұстануына да байланысты.

Осы бағытта аудан басшысы көпшілік орындарда емін-еркін жиналуға құмартпау қажеттігін, бетперделік режимді сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын қайта жандандыруды ескертті.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды