Сайрам: Мал тұқымын асылдандыру жұмыстары жүйелі жүргізілуде

На изображении может находиться: один или несколько человек, люди стоят и на улице

Мал баққанға бітеді. Ауданда  өңірдегі егістік жерлерді игерумен қатар мал тұқымын асылдандыру жұмысын да жүйелі жүргізуде.
Сайрамдық «Ынтымақ» шаруа қожалығында 195 сауынды бие мен 5 асыл тұқымды көкпар жылқы бар. Шаруасын дөңгелетіп отрған шаруа қожалығы бүгінде мал тұқымын асылдандыру тәсілін тиімді меңгерген.


Бүгін Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Садыбеков Ақбұлақ ауылындағы екі жүзге жуық жылқысы бар «Ынтымақ» шаруа қожалығының жұмысымен танысты.

– Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін әртүрлі себептерге байланысты мал шаруашылығында асылдандыру жұмыстары артта қалып, малымыздың тұқымдық деңгейін түсіріп алдық, – дейді шаруа қожасы. – Міне, осы олқылықты жолға қою – қазіргі кезде әрбір қазақтың міндеті деп білемін.

«Ынтымақ» жылқы шаруашылығында асылдандыру жұмысын жолға қою үш-төрт жыл бұрын басталған. Шаруа қожасы алдымен шаруашылықта өсірілетін жылқы табындарын тұқымына, өнімділігіне, тиімділігіне қарай іріктеп, сосын үйірге көңіл бөле бастағанын, жылқы шаруашылығының басқа да қыр-сырын әңгімеледі.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды