Сайрамда арыз-шағымдар саны төмендеген

image.png

Сайрамда арыз-шағым түсірушілер саны едәуір азайды. Бүгінде аудан бойынша жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер мен электронды құжат айналымының жалпы саны 50,6%-ға төмендеп отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі есе аз.

Бұл туралы бүгінгі Сайрам ауданының әкімі Уласбек Садибековтың төрағалығымен өткен аппарат отырысында аудан әкімінің кеңесшісі Бақыт Хасанов мәлімдеді.

Атап айтсақ, 2020 жылдың 8 айында 4 176 өтініштер келіп түскен. Салыстырмалы түрде, өткен 2019 жылдың 8 айында бұл көрсеткіш саны 8 248-ге жеткен.

Б.Хасановтың айтуынша, арыз-шағымдар мен өтініштің көбі ҚарасуҚарабұлақМанкентҚарамұрт ауыл округтерінен түскен. Ал негізгі тіркелген құжаттардың 50%-ы жер мәселесіне қатысты арыз-шағымдар.

- Сұрақтардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы, тұрғын үй коммуналды шаруашылық, сондай-ақ, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне бағытталған. Белгілі бір саладағы шешімдердің әділетсіздігіне қатысты жоланатын көптеген шағымар нақты мемлекеттік органда немесе сол аумақта күрделі түйткілдер бар екенін көрсетеді, - дейді аудан әкімінің кеңесшісі.

Күн тәртібінде бұдан өзге жергілікті бюджет түсімдерін ұлғайту және кіріс көздерін анықтау, кәсіпкерлерді «InfoKazakhstan» сайтына тіркеу мәселесі, сондай-ақ, электронды еңбек шартының орындалуы барысы қаралды.

Аудан басшысы тазалық жұмыстарына байланысты тапсырмалардың орындалу барысын тыңдады. Алдағы апта бұл жұмыстарды тағы да аралайтынын айтып, тазалық мәселесі күн тәртібінен түспейтінін ескертті.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды