Сайрамда тіл жанашырлары аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды

1998 жылдың 20 қаңтарында еліміз Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 22 қыркүйек Қазақстан халқы тілдерінің күні болып жарияланды. Жыл сайын бұл мерекені Қазақстанда тұратын ұлт өкілдері мен ұлыстар тойлап келеді.

Айтулы мереке қарсаңында Сайрам ауданында қазақ тілінің мәртебесін асыру бағытында елеулі еңбек еткен азаматтар «Алғыс хатқа» ие болды.

Қазақ тілі - біздің рухани негізіміз.Біздің міндетіміз - оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. 

Аудан әкімінің орынбасары Аңсар Өсербаев тіл мәртебесін асқақтатуға өз үлесін қосып жүрген тіл жанашырларын бүгінгі мерекемен құттықтап әкім «Алғыс хатын» табыстады.

 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақ тілі – ғажап тіл. Оның болашағы да ғажап. Тек оны насихаттай білу керек» – деген еді. Міне, осы бағытта өз ісіне зор жауапкершілікпен қараған азаматтардың еңбегін ерекше атап өтуге болады. Түрлі этнос өкілдерінің тұрғылықты мекеніне айналған Сайрам ауданында этнос өкілдері өз ана тілімен қатар, мемлекеттік тілді де жете меңгерген және оған біздің еліміз жағдай жасаған, – деді өз сөзінде аудан әкімінің орынбасары Аңсар Жаңабайұлы.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды