Бәйдібек: Денсаулық саласына баса көңіл бөлінуде

Ситуация с коронавирусом официально

Денсаулық саласы қашан болмасын халық әлеуметіндегі баст аспектілердің бірі саналады. Сол себептен бұл салаға тиісті көңіл бөлініп отыруы ықтимал.

Бәйдібек ауданы денсаулық сақтау саласында 50 медициналық мекеме, оның ішінде 42-і типтік, 8-і ыңғайластырылған жайда орналасқан.

Құрылысты қажет ететін нысандар саны жалпы 8-ді құрайды. Оның ішінде:

2021 жылы құрылысы жаңадан жүргізілетіні – 4 (Тұрақты, Шыбыт, Ақбұлақ медициналық тіректері мен жұқпалы аурулар бөлімшесі);

2022 жылы құрылысы жаңадан жүргізілетіні – 2 (Майбұлақ пен Жарықбас дәрігерлік амбулаториялары);

2023 жылы құрылысы жаңадан жүргізілетіні – 1 (250 келушіге арналған аудандық орталық емхана);

2024 жылы құрылысы жаңадан жүргізілетіні – 1 (Бөген дәрігерлік амбулаториясы)

Ауданда қазіргі таңда коронавирустық инфекцияның (COVID-19) расталған 121 жағдайы тіркеліп отыр. Анықталған ауру ошақтарында қорытынды залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Науқастардың төсек орындары мен киімдері камералық өңдеуден өткізілді. Жалпы қамтылғаны 8675 шаршы метр. Пневмониямен тіркелген науқастар саны 26. Тіркелген 26 науқастың 18-сы толық емделіп провизорлық госпитальдан шығарылды. Бүгінгі таңда 8 науқас тиісті емін қабылдауда.

Облыстық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Түркістан облысында  карантиндік шектеу шараларын  туралы»  Қаулысын орындау мақсатында аудан аумағында жұмыс істеп тұрған нысандарда санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуына бақылау мобильді топпен жүргізілуде.

Аудан әкімдігі тарапынан ұйымдастырылған 4 мобильді топпен елді мекендердегі  588 нысан араланып  155 нысаннан  кемшіліктер анықталды, яғни қаулыда көрсетілген алгоритмде карантин шектеулері мен санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтамағаны үшін 62 нысанға кемшіліктер бойынша ескерту актісі толтырылды. Ал, карантиндік режимді бұзған нысандардағы жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге ҚР ӘҚБтК-нің 425 бабының 1 тармағы бойынша барлығы 93 әкімшілік құқық бұзушылық хаттама толтырылып айыппұлдар салынды. 19-слайд

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды