Бәйдібек: «Қайырымдылық» жасау - игі іс

Қамқорлық – аса маңызды қасиет

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің бастамасымен өңірде жүзеге асырылып жатқан «Қамқорлық» жобасы аясында Бәйдібек аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен ауданда тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар мен жүріп тұруы қиын мүмкіндігі шектеулі жандарға демеушілер ұйымдастырылып, қатты отын және әлеуметтік азық-түлік себеттері берілуде.

Бәйдібек ауданында биылғы жылы «Қамқорлық» бағдарламасын іске асыру мақсатында, демеушілер есебінен 4 млн 866 мың 500 тенгенің (30 мың теңгесі – материалдық ақшалай көмек, 3 млн 632 мың 500 теңгесі – азық-түлік жиынтығы, 119 мың теңгесі – аяқ-киім, киім-кешек, 20 мың – тұрғын үй жөндеу, 60 мың теңгеге медициналық қызмет түрі көрсетілді, 1 млн 005 мың теңге – көмір сатып алу, 10 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа, 3 азамат тұрақты жұмысқа орналасқан) көмегі көрсетілген.

Сондай-ақ ауданға қарасты ауыл әкімдерінің ұсыныстары негізінде «Birgemiz» қоры арқылы алгоритім бойынша 2 санаттағы халықтың әлеуметтік қолдауға мұқтаж топтарындағы 833 азамат анықталып (50 мың тенге) бір жолғы көмек көрсетілді:

Олар:

-                     Аз қамтылған көп балалы отбасылар – 511.

-                     Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар – 322.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды