Сарыағаш: Жаңа көпір - тұрғындар қуанышы

image.png

Сарыағашта көп ұзатпай жаңа көпір пайдалануға берілетін болды. Жаңа көпір - аудан тұрғындарына лайықты тарту болмақ. 

Көпір аудандағы Келес өзенінен бой көтермек. Құрылыс жұмыстары әлі де жүргізілуде. Жарты төбе мен Құркелес ауылдық округтерінің аумағынан өтетін өзен ауыл тұрғындарының ара қатынасы үшін аса маңызды саналады. Нысанның құрылыс жұмыстары жергілікті басшылықтың қатаң бақылауында.
Бүгін аудан әкімі М.Отаршиев Жарты төбе мен Құркелес ауылдық округтерінің аумағынан өтетін Келес өзені бойындағы салынып жатқан жаңа көпірдің құрылысымен танысты. Қазіргі таңда мердігер мекеме «Корпорация Береке-А» ЖШС-гі тарапынан ұзындығы 60, ені 10 метр болатын жаңа көпірдің және көпірге дейінгі Еңкес елді мекеніндегі С.Мұсаұлы көшесінің 0,42 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа көпір ағымдағы жылдың қазан айының аяғында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Аудан басшысы халық игілігі үшін салынып жатқан көпір болғандықтан, құрылыс компаниясының өкілдеріне пайдаланылған құрылыс материалдарының сапасына айрықша мән беріп, нысанды белгіленген мерзімнен кешіктірмей аяқтауды тапсырды.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды