Қазығұрт: Астық науқаны қарқынды

Еуропадағы құрғақшылық жаһандық астық тапшылығына соқтырды

«Астық – 2020». Дәл осы атаумен Қазығұрт ауданында астық жинау науқаны жүріп жатыр. Ауданда жұмыс қарқынының ілгерілігі байқалады. Егін шаруашылығын өнімін жинауға 1850 агротехника қатысса, астық ору науқанына 218  комбайн жұмылдырылған.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев маусым айында аудандық ардагерлер кеңестерінің төрағаларымен және мәслихат депутаттарымен бірге Қазығұрт ауданында егістік алқаптарды аралап, астық ору науқанының барысын бақылап қайтқан еді. Енді жуырда аудан әкімінің орынбасары Серік Нұрмановтың кәсіпкерлік және ауыл шаруашылғы салалары бойынша берген мәліметіне сүйенсек, астық науқаны қарқынды жүріп жатқанынан хабардар боламыз.

– Егістік жерінің игерілуі 84 500 болса, орындалуы 84 530 гектар. Яғни нәтижесі 100 пайыздан да асып орындалып отыр. Астықты тасымалдауға  114 автомашина 98 доңғалақ-тракторлар қатысып жатыр. Сонымен қатар, ауыл округке өртке қарсы штаб құрылған. Онда су тасымалдаушы систерна күзетте тұр. Жалпы астық көлемі 44 227 гектарды құрап отыр. Оның  39 325 гектары бидай 4 902 гектары арпа дақылдары, - дейді Қазығұрт аудан әкімінің орынбасары Серік Нұрманов.

Ауданда биылғы жарты жылдықтың өзінде ауыл шаруашылық өнімінің жалпы көлемі 15 миллиард теңгеден асқан. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 102 пайызды құраған. Аудан шаруаларының мұндай үздік көрсеткіштерге жетуіне бірден бір себеп, заманауи агротехникалық тәсілдерді қолдана білулерінде болса керек.

Жалпы өңірлік өнімнің басым бағыты ауыл мен кәсіпкерлік саласы құрауда. Өңірлік өнім 2019 жылдың 6 айында 45 045,1 млн. теңгені құраса, 2020 жылдың 6 айының қорытындысымен 47685,7 млн. теңгеге орындалып, өткен жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 5,8 пайызға артты. Және Қазығұрт индустриалды аймағында 2 гектар жерге орналасқан Асыл бастау ЖШС-нің сары май және құрғақ сүт шығару жобасы, қосымша минералды су шығару цехын іске қосуды қарастыруды жоспарлап отыр екен.

Аудан әкімінің орынбасары әлеуметтік желі арқылы атқарылып жатқан іс-шаралар төңірегін сұрақтарға да жауап берді. Сонымен бірге, кәсіпкерлік турасында ниеті бар аудан тұрғындарға жол сілтеді.

– Жас кәсіпкерлерге қазіргі таңда 550 мың теңгелік мемлекеттік грант алуға мүмкіндік бар. Ол үшін Атамекен кәсіпкерлер палатасына келіп өтініш білдіруіңіз қажет. Тамақ өнеркәсібін дамыту үшін Бизнестің жол картасы-2025 бағдарламасы аясында несие алу, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, несиеге кепілдік қарастыру қолдауларын алуға болады. Ол үшін Кәсіпкерлік мектебі ғимаратына келіп толық кеңес алуға болады, - дейді Серік Нұрманов.

Ауданға 2020 жылдың 6 айында 9 419,3 млн. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 7,4 пайызға артқан. 2020 жылға аудан бюджеті 26 550,8 млн. теңгені құрап, жылдан жылға артуда атап айтар болсақ 2016 жылмен салыстырғанда  62,9 пайызға артты.

2020 жылы шілде айының 30 жұлдызы күні Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бақберген  Кұралбаевтың басшылығымен аудан аумағындағы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында және аудандық бюджет есебінен орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көшелерге техникалық қадағалаушы мекемелермен бірге тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында, жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекемелерге бір қатар сын ескертпелер айтылып, тапсырмалар берілді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды