Бәйдібек: Аудан әкімі тұрғындарды жеке

На изображении может находиться: экран, стол и в помещении

Бәйдібек ауданы әкімі Ержігіт Шәріпбеков азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Өтініштердің негізгі тақырыптары тұрғын үй кезегі, жұмысқа орналасу, әлеуметтік және отбасылық жағдайлар, табиғи газ бойынша болды.

Қабылдауға аудан бойынша бес тұрғын келіп, өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді. Жеке қабылдауға келгендердің бірі Шаян ауылындағы М.Әуезов көшесіне ағын су келетін латоктар салып, жолды кеңейту мәселесін алға тартса, бірқатар тұрғындар тұрғын үй кезегі, жер, электр желісі, «Аружан» балабақшасының алдынан автотұрақ салу, Шаян өзеніндегі көпірдің елді мекен жақ беткейінен адамдар жүретін баспалдақ жасау және Тұрақты елді мекеніндегі ескі мектеп жайынан спорт зал ашу мәселелерімен жүгінді.
Қабылдау барысында аудан әкімі Ержігіт Шәріпбекұлы әрбір тұрғынның жеке мәселесін мұқият тыңдап шығып, заңнама аясында түсінік берді.

Қабылдауда өтініш білдірген азаматтардың әрбір сұрағы мұқият қаралып, мәселелерді шешу үшін аудан әкімінің орынбасарларына, қала, ауылдық округ әкімдеріне және тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды