Бәйдібек: «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық акциясы өткізілді

image.png

Жолдардың бойындағы көлік апаттарының көбейіп кетуіне, сонымен қатар, олардың ішінде ауыр зардаптардың ұлғаюына байланысты, бұдан бөлек жүргізушілер арасында жол жүру тәртібін пысықтау мақсатында Бәйдібек ауданында «Қауіпсіз жол» акциясы өткізілуде

Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері рейдтік шара ұйымдастырып, жол-көлік қозғалысын бақылау, тиімділігін арттыру мақсатында, «Қауіпсіз жол» іс-шарасын өткізді.
- Іс-шара барысында жол-көлік оқиғасының және құқық бұзу фактілерінің алдын алуға аса назар аударылды, - дейді, аудандық полиция бөлімінің, жергілікті полиция қызметі потрульдік полиция тобының аға лейтенанты Ералы Бижанов.
Бұл шараның негізгі міндеті - жол қозғалысындағы қауіп-қатермен жолда жүру ережелерін бұзудың алдын алады. Әсіресе жолда жылдамдықты сақтамау, рұқсат етілмеген қос жолаққа кіріп кету, қарсы бетке шығуы сияқты фактілердің орын алмауына жол бермеуге бағытталған.
- Бүгінде еліміздің диқаншылары егінге орақ салып, астықты қамбаға жинайтын науқанында ауыл-аймақтың маңындағы жолдарда астық тасыған жүк көліктері мен жеңіл көлік қозғалысына, олардың техникалық талаптарына көңіл бөлінуде. Іс-шараның алғашқы күнінің өзінде-ақ бірқатар көлік жүргізушілерінің жол ережесін бұзғаны анықталып, оның ішінде алкогольдік ішімдікке, көлік құралын басқарудың және қарсы бетке шығып кетудің фактілері тексерілді. Заң талаптарын бұзған көлік иелеріне әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынатыны түсіндірілді. Көлік жүргізушілерге жылдамдықты арттыру салдары оқыс оқиғаға әкеліп, орны толмас оқиға орын алуы мүмкін екенін ескертіп, түсіндірме жұмыстары да жүргізілді, - дейді аудандық полиция бөлімі потрульдік полиция тобының инспекторы Бағдат Әбілқасымов

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды