Бәйдібек: Ауылдық экономиканың негізгі бөлшегі - ауыл шаруашылығы

БҚО-ның Тасқала ауданында ауыл шаруашылығы қарқынды дамуда ...

Еліміз бойынша барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру науқаны басталды.   Бұл – соңғы жылдары дәстүрге айналған үдеріс. Әкімдердің ел алдында есеп беруі атқарылған жұмыстарды тиісті деңгейде бағалап, орындалмағандарын жедел түрде шешу үшін күш жұмылдыруға және де алдағы міндеттерді айқындап, нақтылауға мүмкіндік туғызбақ. Сондай-ақ, бұл әкімдердің іскерлігі сына­латын кезең. Сөйтіп, жылдағы есеп беру науқаны бас­та­лып кетті. Алғашқы әңгіме кең-байтақ еліміздің солтүстігіндегі ауданға қарасты ауылдық округте өткен есеп беру туралы болмақ.

"ADAL KOMEK" жобасы аясында Бәйдібек ауданы, Ағыбет ауылдық округінің әкімі Оразханұлы Жасұлан "Округтің экономикалық-әлеуметтік дамуы жолындағы жұмыстар барысы" тақырыбымен тікелей эфирге шықты. 

Әкім 2020 жылдың бастапқы 6 айындағы атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Ол ең әуелі ауылдық округке мемлекет тарапынан бөлінген қаражат туралы айтып өтті. 

Баян­да­машының сөзінен аңғарыл­ған­дай, есепті кезең ішінде көп іс тындырылғанға ұқсайды. Әсіресе ауылда ауыл шаруашылығы біршама жетістіктерге жетіп жатыр екен. Негізінен ауыл әкімінің айтуынша ауылда экономиканың негізгі бөлшегі - ауыл шаруашылығы.

Биыл ауылда 13252 гектар егістік жер игерілген. Ол жерден күздік бидай 3790 га, жаздық арпа 2758 га, мақсары 4528 га, жаңа жоңышқа 525 га және де ескі жоңышқа 49 гектарды құраған. 

Жалпы аудандағы бүгінгі шаруашылық жайы жақсы екен. Әрине, бұл алдымен мемлекет көрсетіп отырған қолдаудың арқасы десек, екіншіден шаруалардың тынбай атқарған еңбегінің жемісі дер едік.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды