Ордабасыда бұрын соңды болмаған өнеркәсіп туындысы

Бензин - Что такое Бензин - Техническая Библиотека Neftegaz.RU

Теңдесіз туындының бензин екенін білсе кез келген адам таңырқай қарайтын болуы керек. Себебі бұл кәдімді мұнайдан өндірілетін бензин емес.

Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданында мұнай өнімдерін өндіру бойынша ерекше жоба қолға алынғалы отыр. Бірегей жоба бойынша Евро - 5 стандартына сай отандық өнімдер кәдімгі көмірден өндірілетін болады.

Қазақстанның қоңыр көмірінен бензин және дизельді отын өндіру жобасын 2013 жылдан бері Көмір химиясы және технологиялар институты іске асырып келеді. Көмірді қайта өңдеу үдерісі дүниежүзі мамандарымен дайындалған екен. 2015 жылдың сәуірінде шағын тәжірибелік-эксперименттік кешен құрылып, көмірден бензин өндіру жолға қойылған болатын. Кең байтақ даламыздың қойнауында жатқан қоңыр көмірден бензин мен дизельді отын өндіру ісін қолға алу туралы ойды ең алғашқылардың бірі болып Білім және ғылым министрлігінің жанынан құрылған Технологияларды коммерцияландыру орталығының бас директоры Дамир Егізбаев ұсынған болатын.

Әлемде теңдесі жоқ жобамен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы барып, танысып қайтты. Ордабасы ауданына қарасты Бадам ауыл округіндегі «Стандарт Ресурсис» ЖШС көмір - химиялық комбинаты жылына 30 мың тоннаға дейін шикізат өндіруге қауқарлы. Ендігі жерде мұнда АИ-92 маркалы бензин, дизель жанармайы мен бензол, толуол, ксилол және үлгілі мазут өнімдері шығарылады деп жоспарлануда.

Аталған жобаға мемлекеттік бюджеттен 1,5 млрд теңге инвестиция құйылған. Әрине, кез келген өнеркәсіп орындарында секілді, бұл маң да жұмыс тапшылығын жоюға өз септігін тигізеді. Тас көмірден бензин жсалынатын зауыттарда болашақта 100-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Мемлекет тарапынан «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында инфрақұрылым желісі жүргізіліп, 3 шақырым жерде темір жол тартылған. Қазіргі таңда зауытта құрылыс жұмыстары аяқталып, іске қосылуға дайындық үстінде. Алдағы уақытта дайын өнім тек ел көлеміндегі нарыққа ғана емес, ТМД елдеріне экспортталмақ.

Негізгі мердігері-мұнай химиясы саласындағы нарық көшбасшыларының бірі болып табылатын ресейлік «ЭТН Циклон» компаниясы. Зауыт басшыларымен кездесу барысында Өмірзақ Естайұлы экспериментальды жобаны кеңінен жүзеге асыруды қолға алу керектігін атап өтті. Ол үшін теңдесі жоқ технологияның қыр – сырын мамандарға жаппай үйретуді тапсырды.

Көмірден бензиннің қандай жолмен алынатынына келсек, бұл технология көмірді (қоңыр көмір, тас көмір) толық өңдеуге мүмкіндік береді, соның ішінде синтетикалық мұнайға өңдеумен бірге су көмір суспензиясын өндіруді де ұсынады. Бұл технология сондай-ақ түрлі-түсті металлдарды кәсіпорындардың қоқыстарынан алу үшін де қолданылады.

Жабдықта айналатын, ысқылайтын және соққы беретін механикалық бөліктер жоқ, нәтижесінде тегістеу құралының абразивті тозуы болмайды. Нәтижесінде 1-5 микрон дисперсиясымен отын алынады (саптамамен шашыратылған мазуттың тамшысы 5-10 мкм бар), ол мұнайға жақын сипатта болады.

Классикалық технологиядан ірі ұнтақтаушы ғана қалды. Одан кейін дайындалған суы бар көмір электримпульсті дезинтеграторға түседі, онда электр разрядының астында (разряд қуаты 50 000 киловольт) 30 микронға дейін ұсақталады. Одан әрі ультрадыбыстық дизентеграторға түседі де, онда отын фракцияға дейін ұсақталады. Содан кейін плазмалық реакторға айналып, онда табиғи мұнайға жақын отын алуға мүмкіндік беретін химиялық процестер түзіледі. Бұл ретте энергия шығындары бір тоннасына 5 киловатты құрайды.

Бүгінде Қазақстан көмір қоры бойынша әлем елдерінің ондығына еніп отыр. Еліміздегі 49 кеніште 33,9 млрд тонна көмір бар. Барланған көмірдің 90%-ы Қазақстанның солтүстік-шығыс және орталық аймақтарына шоғырланған. Демек қарапайым көмірден бензин өндіру, өзімізде бар пайдалы қазбаны оңтайлы пайдалану болып отыр.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды