Ордабасы: Кәсіпкерлікті қолдау қарқынды жүргізілуде

image.png

Ордабасы ауданында қазірде кәсіппен айналысушылардың қатары көбейді. Сондай-ақ ауданда бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету; жаппай кәсіпкерлікті дамыту; халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бағыттарында да үздіксіз жоспарлар құрылып, жұмыстар атқарылуда.

«Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағыты бойынша Ордабасы ауданында көпбалалы табысы аз отбасылардың мүшелері, табысы аз еңбекке қабілетті мүгедектер, 29 жасқа дейінгі жастар, жұмыссыздар қатарындағы 110 азаматқа биылға жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған грант беру жоспарланды. Бұл мақсатқа 53 816,0 мың теңге қаржы бөлінді. 2 тоқсанның қорытындысы бойынша 39 адамның өтініші қанағаттандырылып, грант иегерлері атанды. Бұл азаматтарға 21209,0 мың теңге қаржы төленді. 16 азамат шағын несие алып, өз кәсібін ашты. Жыл басынан 245 азаматқа «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздері курстарына жолдама берілді. Гранттық қаржының мақсатты пайдаланылуына мониторингті «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жүргізеді. Гранттар қаражаты кәсіпкерлікті дамытуға немесе бастауға қажетті құрал-жабдық, мал, үй құстарын сатып алуға жұмсалуы тиіс.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды