Ордабасы: «Жомарт жүрек» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді

image.png

Дана халқымыз «Жылуы жоқ жүрек – құр кеуде», «Мейірім барда – мұңдық жоқ», «Жайылымы болмаса, мал азады, мейірімі болмаса, жан азады», – деп ұрпағын қайырымдылық пен мейірімділікке тәрбиелеген. Айналадағы адамдарға деген мейірім мен қамқорлық адамгершілік пен имандылықтың өлшемі саналады. Жақсылыққа ұмтылған жан алдымен қайырымдылық жасайды. Шыны керек, кейде қамқорлық жасағандарға алғыс айтудан әрі аса алмай жатамыз.
2017 жылдан бастап жүзеге асырылған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басты мақсаты – жанашыр жандарды, елге үлгі боларлық азаматтардың тәжірибесін тарату.

Ордабасы ауданында Жастар сарайында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен "Жомарт жүрек" байқауының жеңімпаздары құрметпен марапатталды. Аталған шара карантин талаптарына сай өтті.
Шараның негізгі мақсаты – халықты, бизнес-құрылым өкілдерін, меценаттарды, үкіметтік емес ұйымдар мен волонтерлерді ынталандыру, азаматтардың белсенділігінің үздік тәжірибесін тарату, қайырымдылық қызмет, меценаттық пен мейірбандық идеяларын танымал ету болатын.
Осыған орай, белсенді азаматтық ұстанымы, әртүрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметті жүзеге асырғаны, әлеуметтік осал топтағы азаматтарға қайтарымсыз көмек көрсеткені үшін аудан бойынша «Жомарт жүрек» сыйлығының иегерлері анықталып, аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
«Жомарт жүрек – 2020» сыйлығының иегерлері:
М.Г.Сарбасов – «Игілік» қайырымдылық қорының төрағасы;
Қ.Е.Әшірбай – «ОрдаПласт» ЖК директоры;
Т.О.Баймұса – жеке кәсіпкер;
Ф.А.Қыдыралиева – жеке кәсіпкер.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды