Созақта қарбыздың жаңа сорты өсіріліп жүр

image.png

Созақ ауданының диқаншылары ауданның әлеуметін көтеруде алда келеді. Биылғы егістік мол өнім беріп, диқаншылықтан табыс тауып отырғандар көбейді. 

Диқандардың айтуынша ауыл шаруашылық өнімдерін жаппай өзіміз өндірсек, ішкі нарық реттеліп, қаржы да сыртқа кетпейді. Ел экономикасын алға сүйреп жүрген, өз үлестерін қосып жүрген диқандардың бірі - «Теріскей» деп аталатын қарбыздың жаңа сортын өсіруде.

Ия, диқандар мен шаруалардың  бұл айтқан сөздерінде шындық бар. Өйткені, бұрындары бұл өңірге бау – бақша  мен мал азығы өнімдері үнемі сырттан келетін. Бұл деген – қаржының сыртқа кету. Сондықтан қазір теріскейлік шаруалар мұны өздері  өндіруге кіріскен. Мәселен, Созақ ауылындағы «Болыс ата» шаруа қожалығы былтырдан бері қарбыз егіп, оны экспорттауды қолға алған. 

Шаруа былтыр да 10 гектарға  қарбыз еккен. Шығымы жаман болмаған. Ал биыл оны екі еселеп, өнім көлемін де арттырып отыр.  Рас, Теріскей жерінің табиғаты тым қатал. Әйтсе де, шаруалар оның да амалын тапқан.

Қазір алқапта арнайы екі – үш жұмысшы болса, ал науқан кезінде жергілікті  тұрғындарды ақылы негізде жұмысқа тартылады екен. Ал олардың қолымен баптап өсірілген бұл қарбыздардың дәмі тым бөлек. Сондықтан алушылар да көп.

Алқаптарда  әлі де пісіп жетілмеген өнім мол. Бұл  бұйыртса сонау қара күзе дейін өнім болады деген сөз.  Қазір    диқандар  алқаптағы піскен қарбыздарды күн сайын ауыл орталығыдағы базарға саудалауда.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды