Созақ: Ауыл шаруашылығының жетекші саласы – ет, сүт өнімдері

Мәжілісте ет-сүт өнімдері мәселелері талқыланады

Созақ ауданында ауыл шаруашылығының жетекші саласы – ет, сүт өнімдерін өндіру. Дегенмен ауыл шаруашылығының өзге салалары кенжелеп қалмаған. Оған дәлел, 2020  жылдың 6 айында ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 5 440,4 млн  теңге болуы.  Яғни, бұл көрсеткіш  өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 149 млн теңгеге артығымен орындалып 102,8 пайызға артқан.

Мемлекет өндіріс көлемін арттыру, өнім түсімін көбейту және өндірілетін өнім сапасын көтеру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындардың өндірістік қуаттылықтарын жүктемелеу және оларды отандық шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында аграрлық секторды дамытуға қолдау көрсетеді.  Ауыл шаруашылық техникаларын жаңарту арқылы өнім көлемін ғана емес еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік зор. 

Еліміздегі ауыл шаруашылығы саласының 2019 жылғы қорытындысы бойынша ауылшаруашылық техникаларын жаңартуға басымдық беру керектігі айтылған болатын. Тозуы 80% құрап отырған ескі техниканы есептен шығармай жаңарту деңгейін арттыру мүмкін емес. Сатып алынатын техника барлық техника паркінің жинытығында көрінбей қалады. Созақ ауданы бойынша 2020 жылдың 6 айында 25 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынған.

Түркістан облысындағы Созақ ауданы да негізгі экономикалық көрсеткіштерін сақтап, дамудан кенде қалмады. Биыл жергілікті бюджетке 3 млрд. 758 млн. 205 мың теңге қаржы түскен. Келешекте бұл жоспар одан да жақсы көрсеткіштермен орындалады деген сенім бар.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды