​Сайрамда «Ауыл – Ел Бесігі» жобасы жемісін беруде

Ауыл – ел бесігі» жобасы туралы: «2019 жылы 52 елді мекен ...

Сайрамда «Ауыл – Ел Бесігі» жобасы бойынша ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарылып жүр. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың биылғы жылғы 27 ақпандағы «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде сөйлеген сөзінде еліміздегі 7,5 миллион ауыл тұрғынының әл-ауқатын жақсарту мақсатында перспективалы ауылдарды іріктеп, сол ауылдарда әлеуметтік саланы дамытуды, тұрғын үйлер мен жолдар салып, коммуникациялар жүргізуді қарастыратын «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыруды тапсырған болатын. 

Осыған орай ауданда «Ауыл – Ел Бесігі» жобасы аясында Ақсукент және Манкент ауылдарын дамытуға 13 жобаны іске асыруға 887,0 млн теңге бөлінген. 

Оның ішінде 427,4 млн теңгеге 10 жол орташа жөндеуден (3-уі аяқталған), 459,3 млн теңгеге 1 білім, 1 мәдениет және 1 денсаулық сақтау  нысандары күрделі жөндеуден өтуде, кестеге сәйкес жұмыстар басталған. 

Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне бөлінген қаржының 90,7 млн теңгесі игерілген.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасының басты мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту. 

Жоба шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл халқының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттерді шешу көзделген. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша қанша жұмыс орны құрылады, қанша мектеп пен аурухана, қанша шақырым жол салынады, ауылдық елді мекендер газбен, сумен қаншалықты қамтылады, жоба аясында ауыл шаруашылығы саласында орта және шағын бизнесті дамыту үшін қандай шаралар қолға алынады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды