Сайрам: Жолдар жаңарады

Жыл басынан бері жолдардағы құрылыс жұмыстарының шамамен 30 ...

Сайрамда жол құрылысы қарқынды. Ауданда тұрғындар үшін маңызы бар автокөлік жолдарын жөндеу биыл басты назарда болды.

Ағымдағы жылы аудан көлемінде жолдардың жағдайын жақсарту мақсатында бюджет есебінен барлығы 1 307,1 млн.теңге қаржы қаралып, 44 нысанға, яғни 42 көшеге ( 82,3 шқ) орташа жөндеу, 1 жолға күрделі жөндеу (5,3 шқ) және 2 жолға аяқ жол салу жұмыстары  жүргізілуде. Бүгінгі таңға 16 нысанда жөндеу жұмыстары аяқталған.

Шымкент қаласымен Сайрам ауданын қосатын облыстық маңызы бар КХ-97 «Ақсу-Қабылсай-Қайтпас-қала қоқыс орны» автомобиль жолының қайта құру жұмыстарын «ОтауСтрой» ЖШС-і ағымдағы жылы аяқтауды жоспарлауда. (Тапсырысшы: Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы).

Оған қоса, Сайрам ауданымен Төлеби ауданын қосатын облыстық маңызы бар КХ-3 «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ» автомобиль жолының 22 шақырымын орташа жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 980 млн.теңге қаржы қаралып, биылғы жылға 300 млн.теңгесі бөлінді.

Қазір Мердігер мекеме «СитиСтрой» ЖШС-і тарапынан жұмыстар басталған,  аталған нысан өтпелі, 2021 жылы толық пайдалануға беріледі.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды