Сайрам: Табиғи газ мәселесі кезең-кезеңімен шешімін табады

Созақ ауданы қашан табиғи газбен толық қамтылады

Қазіргі таңда халықты табиғи газбен қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі. Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, жыл соңына дейін Түркістанды 100 пайыз газбен қамтамасыз ету жоспарланған болатын. Осыған сәйкес Сайрамда табиғи газ мәселесі кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді.

 Аудан аумағындағы 42 елді мекеннен бүгінгі таңда табиғи газбен қамтылған елді мекендер саны-19, қамту пайызы 45,2%. Бүгінгі таңға табиғи газ жүйелерінің  құрылыс жұмыстары аяқталған елді мекендер саны – 14, табиғи газ жүйелерінің  жобалық-сметалық құжаттамалары дайын елді мекендер саны – 9.

Табиғи газбен қамтылмаған 23 елді мекен 2015 жылы құрылысы аяқталған «Жаңақоғам» №20 АГТС-ы (Автоматтандырылған газ тарату станциясының)  нысаны арқылы 12 елді мекен табиғи газбен қамтамасыз етіліп,  яғни биылғы жылы елді мекендерді табиғи газбен қамту 73,8%-ы қамтиды. Жоғарыда аталған нысаннан  көршілес Бәйдібек ауданының 12 елді мекені табиғи газбен қамтылады.

Бүгінгі таңда «Жаңақоғам» №20 АГТС-ы (Автоматтандырылған газ тарату станциясының)  нысанына «Интергаз Орталық Азия» АҚ Шымкент магистральдық газ құбыры басқармасы тарапынан 07.06.2020 жылы  газ толтырылып, «Батыс мұнай газ жеткізу» ЖШС-і мамандары нысанды іске қосу баптау жұмыстарын жүргізді.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ Шымкент магистральдық газ құбыры басқармасымен қызмет көрсетуге және экспулатацияға 19.06.2020 жылы №71 келісім шарт жасалынып, оператор мамандары нысанда жұмыс жасауда.

Бүгінгі таңда №20 «Жаңақоғам» АГТС-ы нысаны іске қосуға толық дайын.

Алдағы уақытта №20 «Жаңақоғам» АГТС-і іске қосылған кезде 12 елді мекенде 5100 тұрғын үй және кәсіпкерлік нысандар табиғи газбен қамтылатын болады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды