Сайрам: Билік пен халық арасында байланыс бар

image.png

Билік пен халық арасында берік байланыс орнап, қоғамдық сана жаңғыруы керек. Сайрамда осы тұрғыда тұрғындардың мұң-мұқтажы мен мәселелерімен таныс болып, өзекті сұрақтарға жауап беру мақсатында аудан әкімі Ұласбек Садыбеков тұрғындарды онлайн түрде қабылдады.

Кезекті қабылдауға Ақсукент, Қайнарбұлақ, Қарасу ауылдық округтерінің тұрғындары жазылып, "Еңбек" бағдарламасы аясында берілетін грант, жаңа оқу жылына дайндық, жылыту маусымына байланысты сұрақтарына жауап алды.

Сондай-ақ, аудан тұрғындары жер алу мәселесі және облыстық маңызы бар КХ-37 "Шымкент-Қызыләскер-Түйетас" жолына бейнебақылау камерасын орнату жөнінде сұрақ қойды.

Аудан басшысы жер алу кезегінде 17 мыңнан астам аудан тұрғыны кезекте тұрғанын алға тартып, мемлекет тарапынан әзірге бұл мәселені шешімі табылмағанын ашып айтты.

Ал, облыстық маңызы бар КХ-37 автожолында қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Бағдаршам орнату үшін аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан ұсыныс жолданады.

Сондай-ақ, Ұласбек Сәдібекұлы Қарасу ауылында жайылымдық жерге қатысты сұрақ шешімін табуы мүмкін. Қазіргі таңда ауыл округ әкім аппараты жайылымдық мақсаттағы бос жерлерді анықтау бағытында жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды