Сайрам: Көліктер қозғалысында қиындықтар туындамайды

image.png

Сайрамда бүгінде қарқынды жол жөндеу жұмыстары белең алған. Аудан орталығындағы Ақсукент пен Қарамұрт елді мекенін жалғайтын облыстық маңызы бар көлік жолында қазірде қызу орташа  жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жол – экономиканың күретамыры. Осы орайда сапалы жол тұрғындардың көлік қатынасына, алыс-беріс пен барыс-келісті оңайлатып, қала берді ауданның экономикасының дамуына да елеулі әсер ететіні анық. Тұрғындарға да ең керегі сапалы жөнделген жол. 

Жолдың жалпы ұзындығы 22,5 шақырымды құрайды. Жоспарға сәйкес, жыл соңына дейін 14 шақырымына 2 қабат асфальтбетон жабыны салынады. Қазіргі таңда соның тең жартысында тиісті жұмыстар аяқталған.
Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен «Корпорация Сити Строй» ЖШС-і тарапынан нысанның жөндеу жұмыстарына 10 техника және 50 жұмысшы күші тартылған. Сайрам ауданының екі елді мекен тұрғындары арасында облыстық маңызы бар қатынас жолы келесі жылы толықтай пайдалануға берілмек.
Сондай-ақ, «Түркістан облысында 2020-2021 жылдарға ауыр салмақты жүк көліктерінің қозғалысын шектеуге қатысты іс-шаралар жоспары» бекітілген. Соған сәйкес, Арыс қаласындағы облыстық маңызы бар КХ-8 «Өзбекстан Республикасының шекарасы-Шардара-Арыс-Темірлан- М-32» автомобиль жолының бойында «Оңтүстік жолдары» МКК-ның мамандары мен Түркістан облысы бойынша көліктік бақылау инспециясы, Арыс қаласының Полиция барқармасы, Түркістан облысының қаржы полициясы қызметкерлерімен бірге бірлескен рейдтік іс-шаралары өткізілді. Нәтижесінде, шамадан тыс жүк артқан жүк көліктеріне әкімшілік хаттамалар түзілген. Рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды