Сайрам: Барлық сала бойынша атқарылған жұмыстарға есеп берілді

image.png

Сайрам ауданының әкімі Уласбек Садибеков барлық сала бойынша 13 бөлім басшысының 7 айда атқарған жұмыстары жөніндегі есебін тыңдады.

Аудан әкімдігінде өткен арнайы жиналыс карантин талаптарына сай өтті. Әкім барлық сала мүшелерін кезек-кезегімен тыңдап, атқарылған жұмыс барысын әлі де жетілдіруді қажет деп танып, бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді. 

Сондай-ақ, көңіл толмайтын мәселелердің барын алға тартып, кемшіліктерді түзетуге екі апта уақыт берді. Сала басшылары ендігі кезекте берілген тапсырмаларды межеге сай уақытта орындауға тиісті.

Сонымен қатар, әкім аталған мерзімде орындалмаған тапсырма үшін жауапты қызметкерлерге шара көрілетіні туралы да ескертті.

Айта кетерлігі, бүгінде аудандағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты деуге келеді. Әкім халыққа есеп беру барысында хабарлағандай, соңғы 1айда ауданда 36 адам коронавирусқа шалдыққан екен. Жалпы ауданда індетке 396 адам шалдыққан. Ал қазіргі таңда 335-і емделіп шыққан. Бүгінгі күн бьойынша аудандағы инфекциялық ауруханада жалпы 30 азамат ем қабылдауда, оның 11-і көршілес Түлкібас ауданының азаматтары екенін мәлімдеді.

Ал өкпенің қабынуымен ауырған азаматтардың жалпы саны 32 азамат, оның ішінде аудандық орталық ауруханасында 9 азамат, Қарабұлақ орталық ауруханасындағы провизорлық бөлімде 23 азамат ем қабылдауда.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды