Шардара: Белсенді жастардың еңбегі ескерілді

image.png

Жастар - қай заманда, қай елде болмасын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы.

Олар қай кезде де, қай қоғамда да белсенді буын өкілдері. Еліміздегі жас буын өкілдері мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырады. Олардың жаңа белестерге деген ұмтылысы жаңа идеялардың туындауына себепші болады. Ал жаңа идея қазақ елінің жаңаруына бағыт алып, “Мәңгілік ел” болуына нық қадам бастайды.

Тек бізде ғана емес, әлем жұртшылығы жастардың алып күш иесі екендігін мойындап, олармен санасады. Сондықтан бір жылдың айтулы бір күнін арнайы жастар мерекесі етіп, күнтізбеде белгілеген. Яғни, 12 тамыз - Халықаралық жастар күні ретінде аталып өтіледі. 

Осыған орай Шардара ауданы әкімінің орынбасары Б.Шомпиев ауданның бірқатар белсенді жастарын 12 тамыз – Халықаралық Жастар күнi мерекесімен құттықтап, Алғыс хаттармен марапаттады. 

"Жастары жалын жүректі, өршіл намысты елдің, алар асуы биік болады" деп Елбасымыз барлық жастарға зор сенім білдірді. Сол себепті жастар күш біріктіріп, еліміздің өсіп-өркендеуіне, көркейіп, гүлденуіне үлес қосып, ел сенімін ақтауы қажет"- деді Б.Шомпиев.

Естеріңізде болса, «Кез келген ел өз келешегін болашақ ұрпағымен байланыстырады. Тəуелсіз еліміз іргесінің берік болуы білімді мамандардың, отаншыл, ұлтжанды, рухани дүниесі кең азаматтардың қолында», – деп Елбасымыз жастарға зор сенім артқан еді.

Қоғамымыздың тұрақтылығын сақтау, Қазақстан халқының бірлігін нығайту, ұлттық келісімді насихаттау – бүкіл Қазақстан Жастарының міндеті. Сондықтан еліміздің əрбір азаматы басты байлығымыздың Тəуелсіз Қазақстан екенін əрдайым естен шығармауы тиіс

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды