Сарыағаш: 1000-ға жуық отбасыға әлеуметтік көмек тағайындалды

Әлеуметтік көмек кімге тиесілі? – Jambyl Taraz

Сарыағаш ауданында биылғы жылы 1000-ға жуық отбасыға әлеуметтік көмек тағайындалды. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек-бұл шартсыз және шартты ақшалай көмек түрінде облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген айлық табысы кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға  мемлекет тарапынан ақшалай нысандағы төлем.

2020 жылы Сарыағаш ауданының 5409 отбасыға (541 отбасы шартсыз 2951 жанұя мүшелерімен және 1623 бала, 4868 отбасы шартты 26557 жанұя мүшелерімен және 15578 бала) 29508 жанұя мүшелерімен (балалар 17201) атаулы әлеуметтік көмекке қатыстыруға жоспарланып, қаралған қаржы 2875934,0 мың теңге, оның ішінде 2020 жылдың 7 айына 954 отбасының 4450 адамына 166 387,6 мың теңге мөлшерінде атаулы әлдеуметтік тағайындалып, төленді (2019 жылы 13298 отбасына 7614246,0 мың теңге тағайындалып төленген).

Кепілдендірілген әлеуметтік пакетке 1-6 жас (1-3 жас 2546 бала, 3-6 жас 4280 бала) аралығындағы 6826 балаға 438253,0 мың теңге қаралса, 5 айда  1001 (1-3 жас 449 бала, 3-6 жас  552 бала) балаға 26601,0 мың теңгелік пакет үлестірілді.

Тұрғын үй көмегіне 15639,0 мың теңге жоспарланып, 297 отбасының 1634 адамына 13192,5 мың теңге тағайындалып, 297 отбасының 1634 адамына 13192,5 мың теңге төленген (2019 жылы 251 отбасына 15639,0 мың теңге төленген).

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды