Сарыағаш: Ауыл шаруашылығы өнімі артып келеді

Ауыл өркендеу үшін ауыл шаруашылығы саласына өзгеріс қажет. Елбасы ...

Өздеріңізге белгілі Сарыағаш ауданы аграрлы аудан болуына байланысты аудан экономикасын дамытудың негізгі басымдықтарының бірі – ауылшаруашылығы болып табылады. Географиялық жағынан қолайлы орналасқан аудан аумағында шаруашылықтың бұл түрімен айналысу аса қолайлы әрі өте тиімді. Негізінен бұл ауданның көпшілігінің тұрмысы осы ауыл шаруашылығының есебінен түзеліп отырған жайы бар.

Жыл сайын ауданда ылғал ресурстарын сақтау технологияларын қолданатын алқаптар артып келеді, суарылмалы егін шаруашылығының проблемаларын шешу жөнінде шаралар қабылданып жатыр, тамшылай суару технологиясына негізделген жеміс-көкөніс дақылдарының өнімі артуда. 

2019 жылы жалпы өнім көлемі 66705,0 млн теңгеге жоспарланып, жыл қорытындысымен 77111,0 млн теңгеге орындалды. Ал ағымдағы жыл І-жартыжылдығының қорытындысымен 31844,0 млн теңгенің өнімі өндірілді, оның 11634,0 млн теңгесі малшаруашылығына, 20210,0 млн теңгесі өсімдік шаруашылығына тиесілі.

Өткен жылы нақты көлем индексі 109,1% орындалса, биылғы жылы тиісті кезеңмен салыстырғанда 102,4% орындалды.

Ауылшаруашылығының негізгі капиталына 2019 жылдың маусым айында 66755,0 мың теңге инвестиция тартылған болса, биылғы жылдың 6-айында 1,2 млрд инвестиция тартылып отыр.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды