Сарыағаш: Бюджеттік жоспар артығымен орналды

image.png

Сарыағаш ауданы – Түркістан облысындағы экономикалық маңызы зор, ЖӨӨ көлемі жоғары аймақ. Осыдан тура бір жыл  бұрын өңір басшысы Өмірзақ Естайұлының өкімімен Мұхит Отаршиев Сарыағаш ауданының әкімі болып тағайындалған еді. «Адамды ісіне қарап таны» деген ескіден қалған есті сөздің өрнегіне сүйеніп әкім тағайындалғаннан кейінгі Сарыағаштың экономикалық әлеуетін сипаттайтын сандарды сөлетсек.

Мұхит Баймұханбетұлы тағайындалған жыл соңында аудан бюджетінің өзіндік кірістері 3,5 млрд теңге жоспарланған болса, нақты 3,6 млрд теңге кіріс түскен. Яғни , жоспар 102,7%-ға орындалды деген сөз. Еліміздің еңсесін биіктетіп халыхаралық аренадағы саяси маңызын арттыра түсетін фактор – ЖІӨ көлемі екені белгелі. Бұл көрсеткішті нығырлай түсетін бірлік – ЖӨӨ көлеміне тікелей тәуелді. Сарыағаш ауданының 2019 жылы өндірілген аумақтық жалпы өнім көлемі 184,5 млрд теңгені құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 129,8 %-ға артқан. Бұл көрсеткіш аймақтың экономикалық даму деңгейін сипаттап қана қоймай,  кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық қызметінің нәтижесін айшықтайды. 

ЖӨӨ – аймақтағы экономикалық салалар өндірген тауар және қызмет құнының жиынтығы. Бұл тұрғыдан өткен жылдың соңында ауданда ілгерілеушілік байқалған. Биыл жыл соңына дейін Сарыағаш ауданында 4,0 млрд өзіндік кіріс көлемі жоспарланған.  Ағымдағы жылдың 7 айында өзіндік кіріс көлемінің жоспары 1,5 млрд теңге көлемінде белгіленіп, нақты 1,8 млрд теңгені құрап, 124,7%-ға артқан.  

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды