Сарыағаш: Астық ору науқаны қызып тұр

Астық ору науқаны басталды — «Ońtústik» телеарнасының ресми сайты

Түркістан облысындағы астықты  алқаптардың бірі саналатын Сарыағаш ауданында  бидай ору маусымы басталды. Осынау науқанға білек сыбана кіріскен аудан диқандары жайдары жаздың әр сәтін қалт жібермей, астық ору қарқынын үдете түскен. Дәл қазіргі таңда  егістік алқаптарында  тізілген комбайндар алтын астықты ысырап қылмай, жиналған дәнді қамбаға құю үстінде. 

Сарыағаштық диқандар жылдағыдай биыл да астық ору науқанынан зор үміт күтеді. Әрине, бұған мемлекетіміздің шаруашылықтарға жасаған жеңілдіктері де себеп болуда. Сонымен қатар, оларға лизинг негізінде техника берілген. Жанар-жағармай, қажетті бөлшектермен, минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етуде мәселесі жыл сайын жақсарып келеді.

Егін орағын алғашқылардың бірі болып бастаған Дарбаза ауылдық округінде орналасқан «Жабай ата» өндірістік кооперативі қазір алтын дәнді ысырапсыз жинап алу үшін тынбай еңбектенуде. Егіс алқабында 4 комбайн мен басқа да техникалар тартылып, 25-ке жуық адам жұмыс істеп жатыр. Өндірістік кооператив 800 гектарға бидай еккен.

Аудан бойынша биыл 69807 гектар егін егілген. Биыл бидайдың әр гектарынан 17 центнерден (51731 тонна) дән жиналады деп күтілуде. Орақ науқанына 59 комбайн мен 402 трактор қатысуда.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды