Сайрамдық 100 кәсіпкер мемлекеттік грантқа ие болды

image.png

Сайрамда мемлекеттің көмегімен кәсіп ашушылардың қатары тағы да толықты. Ауданда 100 адамға кәсібін ашуға бастама үшін мемлекеттік грант бөлінді. 

Естеріңізге салсақ, жыл басында Түркістан Облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы үй іргелік жерлерге тамшылатып суару әдісін енгізуді тапсырған болатын. Осы бағыт-бағдаррға сәйкес ауданда қазірде біраз тыңғылықты тірліктер тындырылып жүр.

Өңір басшысының тапсырмасын жандандыру мақсатында аудан әкімі Уласбек Садибеков «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІ-бағыты аясында, өз кәсіпкерлігін үй іргелік тамшылатып суару әдісіне бағыттаған азаматтарға қаржылай қолдау көрсетуге пәрмен берді.

Жоспар - 200 азаматты нәтижелі жұмыспен қамту. Бүгінде ауданның 11 ауыл округінен 100 азаматқа қаржы бөлініп отыр. Енді мемлекеттік грант алған аудан тұрғындары өз үйлерінің маңына тамшылатып суару жүйесін құрып, егін егу жұмыстарын қолға алауда.

Израиль әдісін қолдану арқылы олар әуелі өздерін жұмыспен қамтыса, екінші бір ұтымды жағы егіншіліктен алған өнімді табыс табу көзіне айналдыруға мүмкіндігі бар.

Бастапқы кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдірген әрбір азаматқа 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде мемлекеттік грант қаражаты ұсынылды. Оның жүзеге асырылуы жауапты сала басшыларының назарында.

Енді тағы 109 азаматтың құжаты комиссия қарауында. Ал бұл іске бірінші болып кіріскен аудан тұрғындары аз күнде алғашқы өнімін алуға дайын.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды