Сайрам: Рейдтік шаралар жүйелі жүргізіліп отыр

image.png

Сайрам ауданында карантин талаптарын түсіндіру бойынша және де аудандағы жағдайға барлау жасау үшін рейдтік ісшара өтті. Барлау барысында Ақсу елдімекені, Абылайхан көшесінің бойында орналасқан «Қазпочта» АҚ-ның бөлімшесі мен екінші деңгейлі «Халық Банк» АҚ бөлімшесінің қызметін тұтынушылардың арақашықтық сақтауы, сондай-ақ, халыққа санитарлық талапқа сай қызмет көрсетуі назарға алынды.

Сондай-ақ, аудан тұрғындары көп жиналатын «Ақмаржан», «Сүйімбеков», «Әділ» көтерме сауда орталықтары мен «Мереке», «Сайрам», «Д.АзНұр», «Достық», «Эль Нұр», «Әлеуметтік базар», «Керзібай қажы» базарларында, ет сату павилионы және сол маңдағы бірқатар кәсіпкерлік нысандарына да бақылау жүргізілді.

Аудан әкімінің орынбасары Б.Олжаевтің жетекшілігімен өткен рейдтік іс-шарада Сайрам аудандық полиция қызметі, Сайрам аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары, кәсіпкерлік бөлімінің және Ақсукент ауылдық округінің қызметкерлері қатысты.

Аудан тұрғындарына карантин талаптары түсіндіріліп, жеке кәсіппкерлерге, азаматтарға, нысан басшыларына ескертулер жасалды. Алдағы уақытта бұл бағыттағы іс-шаралар тұрақты жалғасын табады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды