Қазығұрт: Науқастар саны 3 есе азайды

Число инфицированных коронавирусом в Казахстане приблизилось к 98 тыс.

Әлем бойынша қазіргі таңда өзекті тақырыпқа айналған эпидемиолоялық жағдай шілде айымен салыстырғанда бәсеңдеді. Дәрі-дәрмек тапшылығы жойылып, бағасы да тұрақтанды. Мұндай қорытындыны Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев өзінің Facebook әлеуметтік желідегі парақшасында тікелей эфирде баяндады.

Қазығұрт ауданында 100 орындық провизорлық госпиталь бар. Бұл өткен айда дерт асқынған кездегі халықтың шипасына жараған нысан. Қазіргі таңда коронавирустық инфекция мен пневмонияның бір қалыпқа түсуіне байланысты мұнда төсек орындар саны 100-ден 60-қа азайып отыр. Дәл қазір 45 науқас өзінің ем-домын қабылдау үстінде. Әкімнің айтуынша, пандемиямен күрес бойынша ауданда 425 медицина қызметкері жұмылдырылып, санаттар бойынша қосымша үстемақылар толығымен төленіп келеді.

– Медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында автокөліктермен қамтамасыз етіп отырмыз. Әр аураханада бір автокөлік бар. Жалпы 15 автокөлік қызмет жасап келе жатыр. Ауданда эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді. Ауырған және жазылған адамдар санына тоқталатын болсақ, пандемия басталғалы ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырған расталған жағдай саны 26 болатын болса, оның ішінде емделіп шыққандар 16. Олар Жетісай және Төлеби аудандарында , Шымкент қаласында арнайы провизорлық госпитальдерде орналастырылып жазылып шықыт. Ал қалғаны ем алу үстінде, - дейді Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев.

Өздеріңізге белгілі, шілде айының басында бүкіл Қазақстан бойынша пневмония күшейіп, адамдар жаппай ауырған еді. Қазығұртта аталған індетке шалдыққан 811 науқас аудандық провизорлық госпитальде жатқан болса, одан бөлек 573 адам амбулаториялық жағдайда емделіп шықты. Ал 11 адам пневмониямен ауырып сонымен қатар, бұрыннан келе жатқан дерттерінің асқынуына байланысты бақилық болған..

Аудан бойынша жасалған статистикаға көз жүгіртсек, 6 шілдеде провизорлық орталықта 155 науқас жатқан болса, қазір 45 адам ем қабылдап жатыр. Науқастардың саны 3 есе төмендеген. Сондай-ақ, Covid-19-бен  ауырған жандармен байланыста болған 8 адам үй қарантинінде бақылауда болса, 570 адам бақылаудан шығарылған.

Санитарлық талаптардың сақталуы мен карантиндік режимді бақылау үшін ауданда 13 мобильдік топ мониторинг жұмыстарын жүргізіп келеді. 22 шілде мен 2 тамыз аралығында мониторинг топ карантин режимін бұзған 104 дерек анықталып, 62 тұлғаға әкімщілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Ақпараттандыру жұмыстары тұрақты түрде күнделікті жүргізілуде. Ауданда 16 жылжымалы дыбыс күшейткіш, мешіттердегі, мәдениет үйлеріндегі 37 тұрақты дыбыс күшейткіш арқылы халыққа хабарланып, бас санитардың қаулысының талаптарын жариялап, көрсетіп отырады. Әлеуметтік желілерде бұқаралық ақпарат құралдары бетінде жаңалықтар ретінде де жүріп отыр.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды