Бәйдібек ауданында қайырымды іс жасалды

image.png

Бәйдібек ауданы, Шаян ауылдық округінде игі жақсылар қайырымды іс жасады. Ауыл әкімінің сөзін құп көрген 1965-1968 жылғы және 1970-1971-1972 жылы өмірге келген жігіттер бір-бір қарадан құрбандық шалды. 

Одан әрі 1966 жылғылар 30 дана кілем, 30 қап вермишель, 1974 жылғылар 30 қап ұн, 1975 жылғылар 30 дана пістемай, 1976 жылғылар 30 қап құмшекер, 1977 жылғылар 300 килограмм картоп пен 300 килограмм пиязын алып келіпті. Бұл дүниелердің барлығы сол күні ауылдық округтегі көп баласы бар, әл-ауқаты төмен 30 үйге таратылып берілді. Өзіміз де куә болғанымыздай үй егелерінің Ордабек Темірұлына деген алғысын, шынайы ықыласын көрдік.
- Қайырымдылықтың мәнін түсініп, ізгілікті істі қолдағаны үшін шаяндық жігіттерге және Бәйдібек аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Дауыл Панзабеков пен аудандық спорт бөлімінің басшысы Айдар Нарбековке алғысым шексіз, - дейді Шаян ауылдық округінің әкімі Ордабек Темірұлы, өзінің де ризашылығын білдіріп.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды